#Тараз: Республика күнінде "Ұлттар кеші" ұйымдастырылды

#Тараз: Республика күнінде "Ұлттар кеші" ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Республика күніне орай "Кеңесхан қажы" мешітінде Қазақ жеріндегі түрлі ұлттардың достығын насихаттайтын "Ұлттар Fest" шарасы өтті. Еліміздің барлық түкпіріндегі оның ішінде Жамбыл өңірінің мешіттерінде діни білім алып жатқан жамағат әртүрлі ұлттардан құрылған орта.  

Дәстүрлі, ұлттық құндылықтармен бөлісу, ұлттармен танысу, ауызбіршілікті арттыру мақсатында өткен шараға мешітте білім алушы қазақ, түрік, украин, орыс, дүрген, кәріс, тәжік, өзбек, қырғыз, әзірбайжан сынды ұлт өкілдері қатысты. Әр ұлт өзінің дәстүрлі ұлттық киімін киіп келіп, түрлі тағамдар ұсынды. Шараға қатысқан әжелер алқасы таныстырылған киім үлгілерін қарап, түрлі тағам түрлеріннен ауыз тиді. 

Ұлт өкілдері дәстүріндегі құндылықтардың мән-маңызын ашып, исламмен сабақтастығын баяндады. Ұлттардың басын 1 дастарханда қосқан жиын көпшілікке керемет көңіл күй сыйлады. Көпшілік ұйымдастырушы ұстаз Зейнеп Үсенова алғысын айтып, апалар батасын берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: