Аудандық дін саласы бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, ауданның бас имамы Рысбай Ақылбекұлы 18 қазан - Рухани келісім күніне орай Кеңес ауылдық округіндегі ауыл тұрғындарымен жүздесті.
Бас имам өзге ұлт өкілдерімен кездесуде "Рухани келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі" тақырыбында насихат айтты. Көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, нақты мысалдар келтіріп өтті.