#Жамбыл: Ізгі қоғам - өзіңді өзгертуден басталады...

#Жамбыл: Ізгі қоғам - өзіңді өзгертуден басталады...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Аса ауылы, орталық "Бәйдібек" мешітінің жанындағы ДСАК ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттерімен бірге "Ізгі қоғам" бағытына сәйкес, "Ізгі қоғам - өзіңді өзгертуден басталады" атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Шәкірттерге мұсылмандық тұлғаның көркемділігі дәріптеліп, асыл дініміз Исламнан оқыған-тоқығанымызға сай амал етіп, адамзатқа пайдалы болу жайлы тереңірек сөз қозғалды, әрі мысалдар келтірілді.

Ашық тәрбие сағаты тәуелсіздігіміздің тұғырын сақтау үшін бір кісідей атсалысып, халқымыздың дамуына үлес қосу мақсатында жасалды. Нәтижесінде, шәкірттерде еңбекқорлыққа баулып, діни-танымдық, мәдени сауаттылығының артуына түсінік қалыптасып, түрлі сұрақтарына жауап алған ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатына 13 шәкірт қатысты.

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: