ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен қала мешіттерінде жұма намазынан кейін пәтуа сағатын өткізу қолға алынған болатын. Кезекті пәтуа сағаты "Кеңесхан қажы" мешітінде жалғасты.
Тараз қаласы мешіттерінде әр жұма намазынан кейін қала тұрғындары мен мешіт жамағаты білікті пәтуа мамандарынан көкейлерінде жүрген діни сұрақтарға жауап алуда
Ұстаз Қуаныш Саят жамағатқа пәтуа сағатын өткізіп, сауалдарына жауап берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі