#Қордай: Аудандық мешітте Республика күні аталып өтті

#Қордай: Аудандық мешітте Республика күні аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін – ұлттық мереке. Биыл 25 қазан Республика күні болып аталып өтілмек. Еліміз 13 жылдан кейін алғаш рет ұлттық күнін қайта тойлайды. Биылдан бастап елімізде Республика күні ұлттық мереке ретінде тойланады.

Республика күніне орай Қордай аудандық мешітте мерекелік іс-шаралар аталып өтті. Күннің басы тәуелсіздікке қол жеткізуге себеп болған қазақ батырларының рухтарына Құран бағыштаудан басталып, әрі қарай спорттық іс-шаралармен жалғасын тапты. Атап айтар болсақ, жамағат арасында гір тасын көтеру, арқан тарту, асық ойнау, қол күрестіру сияқты ойындардан жарыс өтті. Мешітке келуші жамағатқа мемлекеттік ту мен тәттілер таратылып, мешіт алдына киіз үй тігілді. Жас балаларға арнап батут бір күн бойы құрулы тұрды.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: