Дiни дүрдараздық деген ұғым қазақ даласында күнi кешеге дейiн болмаған. Өкiнiшке орай, соңғы жылдарда асыл дiнiмiздi жеккөрiнiштi етiп көрсететiндер жер-жерден бой көтере бастады. Кешеге дейiн бар қазақ бiр дiндi, бiр мәзһабты ұстанып келдi. Сенiмi де, мақсат-мүддесi де бiр болды. Ендi бүгiн әлемде түрлi мүдделер – кертартпа-жатпиғылды ағымдар көбейіп, дiнiмiзге әртүрлі жаман атаулар таңылуда.
Осыған байланысты арнайы шаралар ұйымдастырып, халыққа алдын алу жұмыстарын жүргізетін имамдардың біліктілігін арттырудың маңызды екенін біле аламыз.
Бұл мақсатта Қордай ауданының имамдарына "Деструктивті бағыт - дін емес" тақырыбында біліктілікті арттыру семинары жүргізілді. Аталған іс-шараны "Оңалту" бағытына жауапты имам Асқар Зәкіржанұлы, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат пен "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Қуаныш Саят өткізді.
Жиында теріс ағам бағытындағы адамдармен қалай сұқбат құру керектігі, насихат жұмыстарын жүргізу, жат ағымдардың адасқан тұстары жайлы ақпарат берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі