#Меркі ауданы: Республика күні жамағат арасында аталып өтті

#Меркі ауданы: Республика күні жамағат арасында аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен мешітке келуші жамағат арасында Республика күніне орай ұлттық спорт түрінен жарыс өтті.

Сайыс қол күресі, гір тасын көтеру және отырып-тұрудан өтті. Қол күресі мен гір тасын көтеру жастар арасында өтсе, ақсақалдар арасында отырып-тұрудан жарыс өтті. Үздік шыққан қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында ақсақалдарымыз Елімізге, Жерімізге дұға жасап, мешітке келуші жамағат ризашылықтарын білдіріп, Республика күнімен құттықтап, мерекелік көңіл-күймен тарқасты. Алла Тағала осындай бейбіт күнімізден айырмасын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: