Меркі ауданы Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың басшылығымен мешіт әжетханасының жолы жөнге келтірілді.
Ауыл жамағаты имамның бірауыз сөзін жерге тастамай, бар жұмыстарын тастап, Алланың үйі болған мешітке ұмтылды. Ауылдың ауызбіршілігінің арқасында жоспарланған жұмыс аяқталып, мешітке келуші жамғаттың емін еркін жүріп тұруы үшін жағдай жасалды.
Ауыл имамы ауыл тұрғындарына өз алғысын білдіріп, Алла ауызбіршіліктен айырмасын деп дұға жасады.
Мешіт баршаға ортақ – құлшылық үйі. Оған қарайласып, көңіл бөлу барша мұсылманның міндеті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі