Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының шақыртуымен ауыл имамдарының басын қосып, 3 ші тоқсандағы 5 бағыт бойынша атқарылған жұмыстар пысықталды. Сонымен қатар, еліміздегі дүрлігіп тұрған мәселелерге өз бетімен әлеуметтік желіге шығып, білімсіз жауап беруден сақтандырды. Және де өткен айда болған аттестация нәтижесі айтылып, құлаған имамдарды қайта аттестация тапсыруға дайындық жүргізулері талап етілді.
Имамдар жиналысының соңында ауданның бас имамы ауыл имамдарын иман журналы мен мұнара газетінің келер жылғы санына жазылуға шақырып, тапсырма берді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі