Тұрар Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылдық «Жусанбай ата» мешітінің жанынан асхананың құрылысы басталды. Ауыл имамы Құрақбаев Кенжебайдың ұйымдастыруымен және ауыл жастарының қолдауымен игі іске білек сыбана кірісуде. Қазіргі уақытта құрылыс заттары түсіріліп, іргетасы құйыла бастады.
Бұл асханада құдайы астар, садақалар, мәуліт мерекелері және ауызашарлар өткізіледі деп жоспарлануда. Ауыл имамы Кенжебай қажы ізгі іске үлес қосып, жәрдем беріп жатқан ауыл жастарына, шаруа қожалық басшыларына және ауыл тұрғындарына рақметін айтып, батасын берді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі