Қасиетті күн жұма күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылдық округінің мәдиниет үйінде Байзақ ауданы мешіті имамдарының ұйытқы болуымен «Сағындым сені, ия расулаллаһ» атты мәуліт кеші өтті.
Кешті облысымыздан шыққан қари Әмірхан Досмырзаұлы Құран аяттарын оқумен бастап, Диқан ауылдық округінің әкімі Жұман Абдуалиевтің құттықтау сөзімен жалғасты. Мәуліт кеші барысында Янгибаев Жанболат терме орындаса, Сағымбаев Бақытбек Мәуліт жырын оқыды.
Рухани кештің өтуіне қолдау көрсеткен Диқан ауылдық «Диқан» мешітінің имамы Алашбаев Досмырза сөз сөйлеп, көп жыл бойы ауылдық мешітке қызмет жасап кеткен «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мұхит Ермаханұлына және Әбдіқұл Ермұратұлына шапан жауып ілтипатын көрсетті.
Шара соңында мешіт асханасында ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, Құран аяттары оқылды.