Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер болған Тойқара Наржанұлының туғанына 100 жыл толуын еске алуға арналған спорттық іс-шаралар өткізілді.
Шараға Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Әли Олжабайұлы қатысып, жиылған көпшілікке салауатты өмір салты туралы насихатын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш іс-шарада кіші футболға 14 команда қатысып:
I орын - Шайдана командасы
II орын - Кеңес командасы
ІІІ орынды Жетібай командалары иеленді. Сонымен қатар, ойыншылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Қошқарды иыққа салып көтеруден ең көп көтеріп, жеңіске Кеңес ауылының жас азаматы Қыздашұлы Дінмұхамед жетті.
Ұлттық ойын Көкпар ойыны да жоғары дәрежеде өтіп, шабандоздар өздеріне бұйырған салымдарын салды.