Алла елшісі дүниеге келген мәуліт айы қарсаңында Көлтоған ауылының жігіттері қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, мешіт арқылы көмекті көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізді.
Бір шаңыраққа 100 мың теңге және 4 үйге азық-түліктей көмек табысталды. Сонымен қатар ауыл жастарының ұйымдастыруымен мешіт асханасында 120 кісіге ас беріп, көпшіліктің батасын алды. Соңында ауыл имамы Әсет Сабырбекұлы Мәуліт айы турасында келелі уағыз айтты.



22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

