#Жуалы: "Құлый баба" мешітінде мәуліт аталып өтті

#Жуалы: "Құлый баба" мешітінде мәуліт аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екі дүниенің сардары, ардақты Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) туылған күніне орайластырылып өткізілетін Мәуліт айында халық арасында Пайғамбарымызды (с.а.у.) дәріптеп, оған салауаттар айту ізгі дәстүрге айналған.

Пайғамбарымызға салауат айту дегеніміз – дұға, жарылқау тілеу, береке тілеу және ұлықтау деген мағыналарды білдіреді.

Сондықтан да исі мұсылман үшін Мәуліт мерекесін өткізіп, Алла елшісіне әдеттегіден де көп салауат айтуға атсалысу маңызды. Осынау мереке Жуалы ауданы Көлбастау ауылдық «Құлый баба» мешітінде атап өтті.

Шараға орталық аудандық мешітінен наиь имам Исламбекұлы Алмас және Қайрат мешітінен Бегәділұлы Сауранбек имам және Тараздан арнайы қонақ болып Ораз имам қатысты. Имамдар жамағаттарды Мәуліт мерекесімен құттықтап, уағыз-насихат жүргізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: