Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы ардагер имам, Диқан ауылдық «Диқан» мешітіне еңбегі сіңген Әбдіқұл Ермұратұлының қара шаңырағына барып, мерейлі 85 жасымен құттықтап қайтты.
Айтулы шараға Байзақ аудандық мешітінің наиб имамдары Бақытбек Бауыржанұлы, Мұхит Ермаханұлы мен ардагер имамның бауырлары, ұл-қыздары мен күйеубалалары қатысты.
Шарада аудан бас имамы Қанат Әділханұлы ақсақалдың мешітке сіңірген еңбегін атап өтіп, шапан жауып, алғыс хатпен марапаттады. Әбдіқұл ақсақал ризашылығын білдіріп, аудан имамы мен мешіт ұжымына алғысын айтып, ақ батасын берді.