Әр адам есі кіре бастағаннан дүниені танып-білуге, үйренуге талпы-нады. Бір қызығы, бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған сәбиден есейе келе, әлемді аузына қаратқан дана да, ойшыл да шығады. Осынау ақыл толыстырып, білімін шыңдау сапарында ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол - ұстаз.
Ислам дінінде ілім үйретуші ұстаздың орны жоғары бағаланған. Ілім үйрету – ең сауапты әрі қадірлі іс болып саналған. Қасиетті Құранда: «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» - делініп, көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, хадистерде де ілім үйретушіні әрдайым сыйлап, құрметтеу керектігі ескертілген.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлы қария ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында жұма намазында ұстаздық етіп, зйнетке шыққан екі қарияға құрмет көрсетіп, жайнамаз бен діни басқарма тарапынан сараптамадан өткен кітаптарды сыйға берді. Осындай шараны ұйымдастырған ауыл имамына ақсақалдар өз батасын беріп, ризашылығын жеткізді.