«Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің», - дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгілікті, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылыққа қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Сол ізгі жандардың бірі Көкөзек ауылының тумасы кәсіпкер Рүстембековтер жанұясы 4 отбасыға бір ешкінің етін үлестіріп берді. Пакетке салынған еттерді ауыл имамы Бекжан Майданбекұлы апарып табыстап, мұқтаждардың батасын алып қайтты.