Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің алдында жаздық шатырдың құрылысы жүріп жатыр.
Мешіттің айналасы сәнді әрі таза, қыс мезгілінде қардан таза, жаз мезгілінде күннен қорған болу үшін мешіт алдына шатыр қойылып жатыр.
Алла Тағала мешіттің төңірегінде жүріп, құрылысын жасап жатқан, осы игі іске демеушілік етіп жатқан бауырларымыздың ниетін қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі