Өмір адамның істеген қайырлы және қайырсыз істерінен тұрады. Адам баласы қандайда жақсылық жасауға ниеттенсе сол ниетіне жетеді. Ол үшін тек амал ету керек. Ал жақсылықтың бастауы ата-анаға істелген қамқорлықтан бастау алуы керек.
Осындай ниетпен қарттар күніне орай, аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожа қызы әйел-қыздар жамағатының басын қосып «Қазыналы қарттарым аман болсын» атты рухани кеш өткізді. Кешті Құран аяттарын оқумен Айгүл Дүзелбаева ашты. Ата-ана қадірі, құрметі, мейірімі туралы көріністер көрсетіліп, жиылған көпшілікке ғибрат болды. Монолог оқылып, ойындар ойнатылды. Жиылған жамағаттарға сыйлықтар беріліп, сөз берілді. Аудан бас имамы атынан әжелерге сыйлықтар таратылып, әжелердің еңбегі, қоғамдағы орны, пайдасы жайлы насихаттап айтылды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі