#Қордай: Имамдармен кездесу өтті

#Қордай: Имамдармен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Имамдар үйінде» өзге ұлтты имамдармен кездесу болып өтті. Аудан бас имамы А.А.Егизбаев сөз бастаған жиында Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Дәурен Нұржан ұлағатты ұстаз-имамдар қауымының діни экстремизм-терроризмнің алдын алу жолында маңызы зор екендігін түсіндірді.  

Айта кетейік, 29 мамыр 2023 жылы Астана қаласында болып өткен форумда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» құжатын қабылдаған болатын. Осы құжатта көрсетілгендей жұма уағызы мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) айтылу керектігі имамдарға ескертілді.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: