Меркі ауданы, Жауғаш батыр ауылдық мешітінің имамы Қосаев Мұратбектің ұйымдастыруымен, хадықтың атсалысуымен Мәуліт кешіне орай ақ дастархан жайылды.
Ауданның бас имамы Азамат Беркұлы ең алғашқы қызметін осы ауылдан бастаған болатын. Аудан имамы Жауғаш батыр ауылында 8 жылға жуық имамдық қызметін абыроймен атқарды.
Ауыл имамының шақыртуын қабыл еткен Азамат Берікұлы ақ дастархан басында пайғамбарымыз Мұхаммедтің с.а.с өмірінен ғибратты, өнегелерді айтып, Мәуліт сөзін кеңінен түсіндіріп өтті.
Ауыл тұрғындары аудан имамына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп, сағыныштарын басты.
Алла Тағала қиямет күні баршамызды мейіріміне бөлеп, пайғамбарымыз Мұхаммедтің с.а.с шапағатына лайық етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі