Тараз қаласының имамдарының кезекті жиналысы өтті. Қаланың бас имамы Ержан Аманбаев қала имамдарына жылдық жоспарды пысықтау және ҚМДБ тарапынан бекітілген 7 бөлім, 5 бағыт есептерін қорытындылауды тапсырды.
Жоспарда іске аспаған шараларды жыл соңына дейін қолға алуды, Әділет кеңесі бекіткен ережелерге мұқият болуды талап етті. Жаңа қызметкерлер ұжымға таныстырылып, мешіт тазалығына және жамағат намазына байланысты ескертулер берілді.