Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді.
Мәуліт мерекесіне орай Шу аудандық "Жәми" мешітінде қайырымдылық науқаны өтті. Шара аясында 18 отбасыға ет және азық-түлік таратылды. Демеушілердің көмегімен 380 000 теңге шараға жұмылдырылып, көмек отбасыларға табысталды.
Аудан бас имамы Алмас Кенжемолдаев мәуліт жайлы насихат айтып, көпшілікті Пайғамбарымызға салауат айтып жүруге шақырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі