#Меркі ауданы: Аудан имамы ауыл имамдарымен жиын өткізді

#Меркі ауданы: Аудан имамы ауыл имамдарымен жиын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жиында Меркі ауданына қарасты мешіттер 4 топқа бөлінген болатын. Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінде 6 мешіт қызметкерлері, яғни 1-ші топ имам-молдалары бас қосқан жиын өтті.

Жиын барысында, аудан имамы Азамат Берікұлы жауапты имамды бекітіп, бұлай бөлінудің себебін түсіндіріп өтті. Алдағы қызметтерінде табыс тілеп, бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтсақ, ҚМДБ-ның бекіткен бес бағытын жандандыру, жұма күні мешіт қызметкерлері ауысып «Көшпелі жұма уағызы» айдарын жүзеге асыру, мешіттің ішкі-сыртқы тазалықтарын қадағалау, мешіт жамағаттарын тығыз байланыстырып, бауырмашылдыққа баулу, айлық дастархан, спорттық ойындар сынды іс-шаралар ұйымдастыруды табыстады.

Алла Тағала имам-молдаларымыздың ниеттерін қабыл етіп, дін үшін істеп жатқан амалдарын сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: