Қордай ауданы, Қарасай ауылы «Еңбек» мешітінде «Қарттар күні» тойланды. Ауыл ішіндегі ақсақал қариялар мен ақ жаулықты әжелерімізге арнайы дастархан жайылып, ас берілді.
Жиын Құран аяттарын оқумен және уағыз-насихатпен басталды. Ауыл молдасы Адамбек Абитаев жиналған қарттарымызды мерекелерімен құттықтай отырып, қарияларымызға шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Ардақты қарттарымыздың өмір жолындағы тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары ұрпақ үшін орны бөлек.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі