#Қордай имамдары қарияларға сый-құрмет көрсетті

#Қордай имамдары қарияларға сый-құрмет көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халықаралық қарттар күні – 1990 жылы 14 желтоқсанда ББҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп,түрлі форматтартағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Осыған орай «Қордай» ауданы имамдары ауданымыздағы қарттарды мерекелерімен құттықтап, оларға сый-құрмет корсетіп, алғыс хаттар мен сый-сияпаттар тарту етті. Қарттарымыз өздерінін жылы лебіздерін білдіріп, дұға тілектерін арнады.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Дана халқымыз: «Қарттың сөзін қапқа сал»,- деп бекер айтпаған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Жастарымызға қамқорлық етпеген және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес»- деген. Қай діннің, қай ұлттың өкілі болса да, жасы үлкенге құрмет қылу мұсылмандық міндет!

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: