Қордай гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Жастар тәрбиесі және дін» тақырыбында кездесу өтті. Келген шәкірттерге уағыз-насихат айтылып, оларды ізгілікке, жақсылыққа баулыды.
Жастар арасында діни тәрбиенің алар орны ерекше. Қоғамдық үйлесімділік пен рухани байлық- барлық діндердің негізгі діңгегі екенін жастарымыздың бойына сіңіру басты міндетіміз екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Отбасындағы әрбір ата-ана ұл-қыздарының ертеңгі күні ұлттың болашағын айқындайтындығын есіне салып отырса, әрі ата-ана тәрбиесі өнімді болса олардың қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі арта түсетіні анық.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі