Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Қызылқыстақ ауылындағы «Әл-Кәрим» мешітінің жамағатына «Құмар ойын құрдымға кетіреді» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында қазіргі таңда белең алып бара жатқан құмар ойындары туралы, оның зардаптары және одан құтылу жолдарын шариғи тұрғыдан түсіндіріп берді.
Уағыз соңынан Елімізге, жерімізге дұға жасап, жұма намазын оқып тарқасты. Алла Тағала күнәлі істен аулақ болып, сауапты іске ынтық болуымызды нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі