#Меркі ауданы: Жаңа мешіттің орны белгіленді

#Меркі ауданы: Жаңа мешіттің орны белгіленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Сұрат ауылдық округі, Тескентоған ауылы тұрғындары көптен күткен қуынышқа қол жеткізіп, ауылдағы жаңа мешіттің орнын белгіледі.

Тескентоған ауылында 100-ге жуық шаңырақ орналасқан.  Жергілікті халық Алла Тағалаға құлшылық жасау үшін жақын ауылдарда орналасқан мешіттерге баруға мәжбүр. Өйткені ауыл маңында бұрын соңды мешіт соғылмаған. Жергілікті халық өз арасында қаражат жинап, ауыл тұрғындарын жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын, Алла Тағалаға құлшылық жасалатын мешіт салуды ұйғарған.

Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы арнайы ауылға барып, ақсақалдармен кездесіп, жаңа мешіттің орнын ақылдасты.

Алла қаласа ауылдарымызда азан айтылып, жұртымызға жақсылықты насихаттауға мүмкіндік алып жатыр. Алла үйінің ашылуына тез арада қауышу үшін Жаратқаннан нығмет тілеп, игі іске атсалысып, әрбір мұсылман баласын көмек қолын созуға шақырамыз.

Осындай игі іске қол ұшын созып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтерінде абырой-бедел берсін. Демеушілік жасап жатқан кәсіпкер бауырларымызға Алла разы болсын дейміз.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: