Ислам діні жеке адамның пайдасы үшін емес, қоғамның пайдасы үшін түскен. Сондықтан Алла Тағала бір-бірімізге қарайласып жүруді бұйырған. Осы орайда, Меркі ауданына қарасты Қызылқыстақ ауылы тұрғындары ауылға қарасты жалғыз басты әпкемізге көгілдір отынды есептегіш құрылғысына қаржылай көмек берді.
Әпкеміздің үйінде ескі ғимаратты бұзу барысында, газ құбырлары зақымданып, көгілдір отынды есептегіші істен шыққан. Аудандық газ бөлімінде істейтін мамандар құрылғының жарамайтындығын айтқан. Алдымызда қыс мезгілі келе жатыр. Аудан тұрғындары бірден іске кірісіп, әпкемізге қол ұшын созды.
Әпкеміз осы игі іске атсалысқан барша ауыл тұрғындарына өз разылығын білдіріп, алғысын айтты.
Алла Тағала араларымыздағы қарапайым отбасыларға қарайласып, бауырмашыл, мейірімді болуымызды нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі