#Байзақ: ҚАСЫМЖАН ҚАРИ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

#Байзақ: ҚАСЫМЖАН ҚАРИ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітіне Тараз қаласы «Әбу Бакір Сыддық» мешітінің имамы Бектаев Қасымжан қари жұма намазын өткізді. Жұма намаздың алдын аудан бас имамы жиналған жамағатқа «Құмар ойын құрдымға кетіреді» тақырыбында насихат айтты.

Жұма намаздан соң Қасымжан қари әсем дауысымен жұртшылыққа құран оқып, «Усманжан баба» мешітінің имамы Баймаханов Ораз елдің амандығы үшін дұға жасады.

  Қанат Әділханұлы насихатында:  «Адам баласын екі дүниеде зиянға ұшыратып, бақытсыздыққа душар ететін рухани дерттердің бірі – құмар ойнау. Алла Тағала қасиетті Құранда құмар ойынға тыйым салып:«Уа, иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен бал ашу шайтанның амалы саналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар. Мүмкін, құтыларсыңдар»,­– деп айтқан («Мәйда» сүресі, 90-аят). Аятта құмарды «ластық» іс деп атауы жайдан жай емес. Өйткені «рижс» (ластық) сөзі – әрі зиянды, әрі күнәлі нәрсеге қолданылады. Сонымен қатар бұл істердің шайтанның ісінен деп атаулы да тегін емес. Себебі шайтанның мақсаты  адамды азғырып азапқа душар ету. Осының өзі адам баласына тыйым салынған іс екендігін ұғындырып тұр. Аятта «рижс» деп танылған ішімдік, құмар, тізілген тастар және бал ашатын оқтардың ешбіріне жақындамау, жуымау керектігі бұйырылған. «Жақындамау» «жуымау» деген бұйрық «жасама» деген бұйрықтан да ауқымды мағынаға ие», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: