«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.
Тараз қалалсы «Мырқалық қажы» мешіті мен Өзбек мәдени орталығының ұйымдастыруымен 25 отбасыға азық-түлік және 1 қой еті таратылды. Жалпы көлемде 600 00 теңге қаражат жұмсалды.
Көмек алған отбасылар алғыстарын айтып, баталарын берді.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі