Тараз қаласы «Әл Әділ» мешітінің имамы Рәсілхан Сыбанбай жамағатқа құптан намазының алдында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз жүргізді. Имам жат ағым ұстанушыларының адасқан тұстарын тілге тиек етіп, тиым салынған ағымдардың атауларын тізіп өтті.
"Жат ниетті ағым бұқара халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында түрлі айлы-шарғыларын жасап әлек. Мәселен, исламның атын жамылған уаһһабилер, құраниттер, ахмадияшылар, хизбутшылар, тәкфіршілер секілді ағымдар ашық та, жасырын да ел ішінде теріс бағытта қызмет жасауда. Әсіресе, қазақтың дүниетанымына сай келетін Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын мойындамай, жоққа шығарғысы келетіндер әрекеті байқалады" - деді имам насихатында.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі