Тараз қаласы «Намаз ата» мешітінде ұстаз Мурвад Ансарова әйел-қыздар секторының шәкірттеріне «Ихсан тәрбие негізі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім. Ал тақуалық дегенді қалай түсінеміз? Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген ұғымға саяды. Шариғи мағынасына келсек, «күнәлі істерден сақтану, ұятты амалдан алыс болу, Алла Тағалаға бойсұнып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау» деген мағыналарды білдіреді. Күнә мен қателікке ұрындыратын істерден сақтану – тақуалықтың белгісі.
Ұстаз ихсанның мән-мағынасын түсіндіріп, шәкірттерге терең ой саларлық кеңесін берді.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі