#Тараз: Құмар ойын - терең тұзақ

#Тараз: Құмар ойын - терең тұзақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінде не көп, ойдан құрас­тырылған, шынайы өмірге түк қатысы жоқ түрлі ойындар көп. Біреудің пайда табуы үшін ойдан шығарылған мұндай ойындар мән-мағынасыз болса да адамды өзіне елітіп әкететін қауқары бар. Айталық, карта ойындарының компьютердегі баламасы, рулеткалар, ойын автоматтары – бәрі де ойын казиносының компьютерлік нұсқалары. Осы ойындарға тәуелді болудың жолдары бір-біріне өте ұқсас, сондықтан қайсысы болсын қауіпті. 

Осыған орай Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан  Аманбаев Тараз политехникалық колледжінің 2 курс студенттеріне «Құмар ойын - терең тұзақ» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, насихат айтты.

Имам өз сөзінде: ә«Негізінен шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық пен кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ендеше тыйылмайсыңдар ма?», делінген.  (Мәидә сүресі, 91-аят) Құмар ойындары, аятта анық айтылғанындай адамдардың арасына кек пен дұшпандық, өшпенділік салады. Құмар үстелінде езу тартып отырғанымен ұтылып шыққан адам ешқашан да бұл халіне разы болмайды. Ұтылғанын қайтарамын деген оймен бір былғанған жеріне қайта қайта былғанып, ақыр соңында кек пен өшпенділікке салынады. Құмар ойынынан ұтылып өзіне қол жұмсағандар және ішімдікке салынып кеткендері де қаншама" - жеп атап өтті.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: