Жат ағымдардың алдын алу мақсатында "Асайын калпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев лицей оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Жастардың пікірін тыңдап, теріс ағым жайлы сан сауалына дәлелді жауаптар берді.
"Діни экстремизм - ғасыр індеті" тақырыбында өткен шарада имам ислам, иман, ихсан дегеннің мағынасын түсіндіріп, адам діннен адаспас үшін діни сауатты болу керектігін жеткізді. Сонымен қатар әрбір мұсылман білу керекті шариғат шарттарын үйретіп, жат ағымға қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі