Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев "Төле би" мешітін зиярат етті. Аталған "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы ауданға жаңа тағайындалған бас имамға мешіттің тыныс-тіршілігін таныстырып, жұмыс барысын баяндады.
Бас имам мешіттің іші-сыртын аралап, көркемдігін жеткізіп, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Намаз уақытында жамағатпен тілдесіп, мешіт қызметкерлерінің хал-ахуалын білді.
Талғат Кәрібайұлы алға қойылған жоспарлармен бөлісіп, ауданның діни ахуалы үшін қашанда бірлесе белсенді қызмет атқаруға күш салатынын айтып ілтипат білдірді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


15 Ноябрь 2025
24 Джумада-авваль 1447

