Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Еңбекші ауылының ақсақалдарымен және мешіт жамағатымен жүздесті. Өңірдің діни көшбасшысы жамағаттың мұң-мұқтажын, тілек-ұсыныстарын тыңдады.
Жат ағымның алдын алу мақсатында ақпарат беріп, шариғатқа қатысты түрлі мәселелердің түйінін тарқатып уағыз айтты. "Ислам дінінің тазалығы және мұсылман қандай болу керек" тақырыбында насихат айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі