Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы Еңбекші ауылындағы "Еңбекші" мешітін зиярат етіп барды. Аталған ауылдық мешіттің имамымен жүздесіп, өңірдегі діни ахуал жайлы сұқбаттасты.
Мешіт ішін аралап, құжатын, тазалығын, қысқа дайындығын, жылыту жүйесін, жай-күйін зерделеді. Мешіт жанындағы асхана, қызметкерлер үйінің жағдайы тексерілді. Бас имам мешітте жасалу керек жұмыстар бойынша ауыл имамына тапсырмалар жүктеді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі