Аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен "Әжелер алқасының" мүшелері "Сағындым сені Мұхаммед" атты рухани кеш өткізді.
Кешті Құран аяты оқумен Альфира Мергенбайқызы ашты. Пайғамбардың нұры, Пайғамбарымызға пайғамбарларлық жүктелуі жайлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әндері оқылып, "Дүние жалған", "Қайту" атты Серік Қалиевтың монологтары оқылды. Кешке келген қонақтар "Мейірімді қыз" көрінісін тамашалап ғибрат алды.
Кешке арнайы шақырылған "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы сөз сөйлеп, мәуліт айының тарихын, қасиетін, пайдасын ашықтады. Мәуліт кеші мұғалім саниды аяқтаған шәкірттерге тәж кигізумен жалғасты. Кеш "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының насихатымен аяқталды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі