Көпшілікке "Құран кітабы" мешіті болып танылған "Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағатына арналған ”Игі ана - ізгі қоғам негізі” тақырыбында семинар өтті.
Шарада аталған мешіттің имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, әйел адамның исламдағы орны, қыз баланың тәрбиесі, ізгі қоғамға әйел затының қосар үлесі турасында насихат айтты.
Ақ жаулықты апалар қыз-келіншектерге тілектеріп айтып, батасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі