Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожа қызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар арасында «Әйелдерге арналған 40 хадис» кітабынан жарыс басталды.
Қырық хадисті жатқа жаттауды қолға алған шәкірттерге қорытынды екі айдан соң жасалады. Жарыстың шарты бойынша қырық хадисті толығымен жаттау қажет. Қорытындыдан өткен шәкірттерге сыйлық беріледі. Жарыстың мақсаты - кітап оқуды қолға алу және хадисті жаттап амал ету болатын.
Қордай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі