#Меркі ауданы: Неке бақыты

#Меркі ауданы: Неке бақыты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Отбасы күні» аясында Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен аудандық «Меркі ата» мешітінде некесін қидырған отбасылардың қатысуымен аудандық «Неке бақыты» тақырыбы аясында кездесу ұйымдастырылды.

Жиынның мақсаты, жаңа өмірге қадам басқан жас отбасыларға, өмірлік бағыт-бағдар беру. Аудан имамы жас отбасыларға Исламдағы отбасы, неке шарттары, еркек пен әйелдің міндеттері мен бала тәрбиесін толыққанды түсіндіріп өтті.

Жиынға қатысушылар отбасылық өмірге қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Жиын барысында, жиынға келгендердің арасында екі жас некелерін қидырып, жаңа өмірге анық мақсатпен, ізгі ниетпен қадам басты.

Алла Тағала барша отбасыларға амандық, есендік, береке, бірлік берсін!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: