Белгілі шарттардың орындалуына байланысты немесе байланыссыз мұсылман баласының бір малды құрбандыққа шаламын деп, Алла Тағалаға уәде етіп, уәденің уақыты келгенде шалатын мал «Нәзір құрбаны» делінеді. Мысалы, ауырып жатқан адам осы ауруымнан айықсам бір қойды құрбандыққа шаламын деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы - уәжіп.
Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен шалғай адамның өзіне, балаларын, немерелеріне және әке-шешесіне, тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретінде қарапайым отбасыларға таратылуы тиіс. Шалынған құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын кедейлерге тарату керек.
Осы орайда, Меркі ауданына қарасты Тұрар Рысқұлов ауылы тұрғыны өз нәзір құрбандығын шалып, етін қарапайым отбасыларға таратты.
Құрбандық шалудағы мақсаты, ота жасалған келіншегінің аман есендігін тілеп, нәзір атаған еді. Бүгінде келіншегінің отасы сәтті өтіп, жазылып келеді.
Алла Тағала барша ауырып жатқан бауырларымызға шипа берсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі