Жамбыл облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің жанындағы Діни сауат ашу курсы жаңа 2023-2024 оқу жылын бастады. Қыздар тобына биыл 220 әйел жамағаты тіркелді.
Шәкірттер 3 саты бойынша, яғни бастаушы, жалғастыруышы, тәмәмдаушы топ болып, білім деңгейіне қарай әрі қазақ, орыс тілділігіне қарай топтарға бөліп оқытылады.
Шәкірттерге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева мен дінтанушы, қари Жібек Қолағұлова дәріс береді. Қыз-келіншектер мен апалар Құран, Құран әліппесі, ақида, фиқһ, сира, ахлақ, пайғамдарлар тарихы, тәжуид сынды пәндер бойынша бастапқы ілім алады.
Дәрістердің басталуына орай аталған мешітте "Білім алудың маңызы" тақырыбында уағыз жасалып, дәріске жазылғандардың ықыласын ояту мақсатында насихат айтылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі