Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің имамы Көктал Мадиярдың ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» науқаны аясында ауыл тұрғынына көмек көрсетілді.
Ауыл тұрғыны, «Ауру айтып келмейді» дегендей, аяқастынан қатерлі ісікке шалдығып, дертті болып қалған. Бүгінге дейін 2 рет химиятерапия курсынан өткен. Ауыл имамының ұйымдастыруымен бауырымыздың еміне, дәрі-дәрмегіне деп қаржылай көмек көрсетілді.
Алла Тағала барша ауырып жатқан бауырларымызға шипа берсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі