Жамбыл облысы Қордай ауданы "Рахман" мешітінің ұстазы Айгүл Дузелбаеваның ұйымдастыруымен "Ихсан – әдеп негізі" атты ашық сабақ өтті.
Ихсан сөзінің тілдік мағынасы "жақсылық", "игілік" деген ұғымды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы бір істі қолға алғанда оны ең адемі, ең кемел түрде жасау деген сөз. Ихсан ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қалыптастырады. Хазіреті Мәуләнә: " Ақылым жүрегімнен: "Иман деген не?"– деп сұрады. Жүрегім ақылымның құлағына иіліп: "Иман дегеніміз – әдеп",– деп жауап берді", – дейді.
Жиында ихсан сөзінің мағынасы түсіндіріліп, тақырыпқа қатысты аят-хадистермен ашықталды. Ашық сабақ соңында тақырыпты кішігірім сұрақтармен қорытындыланды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі