Әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың берген сансыз нығметтерінің бірі – су. Тіршілік көзінсіз өмірдің мәні жоқ.
Меркі ауданы, Тәтті ауылының имамы Көпбосынов Асхаттың басшылығымен ауылдағы көп балалы жалғыз басты анаға су кіргізіп берді. Ауыл тұрғындарының ізгі ниетімен жалғыз басты ананың үйіне тіршіліктің көзі болған суды тартып, су насосы мен қол жуғышын сыйға тартты.
Анамыздың қуанышында шек жоқ. Осы игі іске атсалысқан барша ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Алла Тағала ауыл тұрғындарының ниетін, амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі