Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты Т.Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылындағы жаңа мешітің құрылысымен танысып қайтты.
Мешіт құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда мешіт құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мешіт пен дәретхананың сыртқы жұмыстары аяқталды. Жұмысшылар ішкі әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті. Алдағы Мәуліт айына дейін бітіру жоспарлануда.
Аудан имамы мешіттің құрылысын жүргізіп жатқан барша бауырларымызға дұға жасап, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке тіледі.
Баршаңызды осынау игі іске атсалысып, демеушілік жасауға шақырамыз! Алла Тағала мешіт салып, оған өз еңбегімен, өз қаражатымен көмек беріп жатқан бауырларымыздың ниетін қабыл етіп, сауаптан жазып, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі