Меркі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери міндеттілерді Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск қалашығына әскери жиынға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шараға арнайы шақырту алған Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы азаматтық борышын өтеуге бара жатқан жас сарбаздарға діндегі «Отан алдындағы міндет» тақырыбында уағыз насихат жүргізді.
Уағыз барысында, Пайғамбарымыздың с.а.с асыл сөзін тілге тиек етіп, екі көз отқа күймейді, соның бірі отанын, елін, жерін күзеткен адамның көзі екендігін жеткізді.
Сапарға аттанып жатқан жас сарбаздарға сәттілік тілеп, абыроймен мойнындағы міндеттерді атқаруды тілеп, артынша елімзге, жерімізге дұға жасады.тАлла Тағала еліміздің еңсесін биік, тәуелсіздігімізді мәңгі етсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі